Мәдениет

Автор: ADMIN

Мәдениет

Следуй за нами

42

ҚЫЗ ЕРКЕМ, АНАСЫМЕН КӨРКЕМ

news single

   

  Алматыда "Қыз еркем, анасымен көркем!" атты қалалық байқау өтті. Сегізінші наурыз мерекесіне орайластырылған байқауға Алматы қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері мен олардың аналары қатысып, өз шеберліктері мен дарындарын көрсетті.

 

 

       Алматы технологиялық колледжінің акт залында өткен бұл шара, жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы мен «Бақытты отбасы» жобасына негізізделді.

   Шара мақсаты - анасы мен қызы арасындағы тығыз байланыс пен өнерін паш ете отырып, қазақ отбасындағы қарым-қатынас, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық тәрбие құндылықтарын дәріптеу.

   Қатысушылар төрт кезең бойынша өнерлерін ортаға салды. Ұлттық нақыштағы киімммен өзін-өзі таныстыру,қолөнер шеберлігін көрсету, қазақ халқының ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлеріне қатысты сұрақтарға жауап беру және ана мен қыздың өнер көрсету сайыстары бойынша бақ сынасты.

 

 

    Байқауға қатысушылар өнерін Халықаралық «Жанашыр» қорының президенті  Жаңыл Әпетова, Әуезов атындағы академиялық театр актрисасы, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шынар Асқарова, «Бақытты Ұя» қоғамдық қорының президенті Әйгерім Байдахметова, Ұлттық индустрия,туризм қауымдастығының президенті Раушан Шәміл, Қазақстан Жазушылар кітапханасыңың қызметкері Елана Ағайса сияқты танымал тұлғалардан құралған қазылар алқасы бағалады.  

 

 

   Байқауға қатысушы аналар мен қыздар үлкен дайындықпен келгендерін көрсетті. Қазақтың ұлттық реквизиттерін сахна көріністеріне пайдалану, ұлттық қолөнер бұйымдарын жасап әкеліп және оның жасалу жолын көрсету, ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдарды әзірлеп келіп, көрерменге шын мәніндегі қазақ салтынан хабар берді. Шарадан көрерменнің алары, үйренері көп болды.

  «Қыз еркем, анасымен көркем» байқауын дәстүрлі түрде өз колледжімізде өткізуші едік. Енді оны қалалық деңгейге көтеріп отырмыз. Шараға қатысуға қаланың 10-нан аса мемлекеттік колледждері өтініш білдірді.Мұның жас ұрпаққа берер тәлімі мен өнегесі мол» - дейді Алматы технологиялық колледжінің директоры Ерұлан Қарағұлов.

 

   

Байқау нәтижесі бойынша, қазылар алқасының шешіміммен 1-орын – Алматы технологиялық колледжі, 2-орын – Алматы мемлекеттік бизнес колледжі, 3-орын – Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжі қатысушыларына беріліп, Қалалық Білім басқармасының Алғысхаты мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.  Сонымен қатар, шараның бірнеше қатысушысы арнайы аталымдар бойынша мараптталды.

 

 

    Қалалық байқауды ұйымдастыруды жауапкершілігіне алып, жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Алматы технологиялық колледжінің директор орынбасарлары Гүлнар Жүнісбекқызы мен Аида Сұлтанқызының еңбегін ерекеше атауға болады.

   

Тағылымы мол мұндай шараларды республикалық деңгейде таратып жатса, қазақ үлтының өнегелі ұрпағын қалыптастыруға үлкен себеп болар еді.

                                                                  Інжу Сағидолла

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться