Бүгінде Қазақстанда 120-дан астам этнос өкілі бейбіт өмір сүріп, мәдениетін сақтап, дамытуда. Бұл ретте ҚХА-ның рөлі зор.
2024 жылы ҚХА «Жүректен жүрекке» және «Мектепке жол» секілді әлеуметтік маңызы бар бірқатар қайырымдылық іс-шараларын өткізді.
ҚХА құрамында 1000-нан астам этномәдени бірлестік бар. Тек өткен жылы ұйым 15 000-нан астам шара ұйымдастырып, 700 000-нан астам адамды қамтыды.
2025 жылға қарай ҚХА салалық мамандарды даярлау бағытын күшейтпек. Оның ішінде «Этнополитология» және «Этножурналистика» мамандықтары бойынша кадрлар даярлау ерекше назарда.
Сонымен қатар ҚХА-ның Достық үйлері, лингвистикалық кабинеттер мен басқа да құрылымдары мемлекеттік тілді этносаралық қатынас тілі ретінде дамытуға ықпал етпек.