Автор: ADMIN
Алматыда Дінмұхамед Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, дипломат, академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 114 жыл толуына орай Алматы қаласында тарихи тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Тағзым ету шарасына Дінмұхамед Ахметұлының қызметтестері мен туған-туыстары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Іс-шара аясында «Ғылым ордасы» атынан Дінмұхамед Қонаевқа қатысты барлық ресми құжаттар Д. А.Қонаев музейінің қорына табысталды. Бұл құнды мұра ұлы тұлғаның саяси, ғылыми және қоғамдық қызметін тереңірек зерделеуге мүмкіндік береді.
Одан бөлек тарихи тұлғаның аты берілген Алматы облысының әкімшілік орталығы — Қонаев қаласында Дінмұхамед Ахметұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Еске алу шарасына облысы әкімдігінің өкілдері, мәдениет саласының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және қала тұрғындары қатысты.
Еске салайық, 1912 жылдың 12 қаңтарында аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы ҚОНАЕВ дүниеге келген.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
V preddverii 8 Marta ot imeni Prezidenta vruçili gosudarstvennıe nagradı
Dimaş Qwdaybergen men Samal Eslyamova TÜRKSOY marapattarına ie boldı
8 наурыз қарсаңында Президент атынан мемлекеттік наградалар табысталды
Последние новости
8 naurız qarsañında Prezident atınan memlekettik nagradalar tabıstaldı
8 ناۋرىز قارساڭىندا پرەزيدەنت اتىنان مەملەكەتتىك ناگرادالار تابىستالدى
V preddverii 8 Marta ot imeni Prezidenta vruçili gosudarstvennıe nagradı