Автор: ADMIN
Астанада Абайдың 180 жылдығына арналған ерекше музыкалық кеш өтті

Астанада қазақ әдебиетінің ұлы классигі, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған ерекше музыкалық кеш өтті. «Астана Опера» театрында өткен «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» атты концертке классикалық музыка мен поэзияны сүйетіндер жиналды, деп хабарлайды Shalqar.kz тілшісі Сыртқы Істер министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл кештің басты ерекшелігі – әйгілі композитор Еркеғали Рахмадиевтің Абай өлеңдеріне жазылған романс топтамасының алғаш рет орындалуы болды. Көрермендерге «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Жаздыгүн шілде болғанда», «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да…», «Қажымас дос халықта жоқ», «Сіз – қырғауыл жез қанат», «Қара қатын» және «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа…» сынды туындылар ұсынылды.
Сондай-ақ, концерт бағдарламасына «Мен сәлем жазамын», «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл», «Кейде есер көңіл құрғырың», «Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол» атты романстар және Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсынан ариялар енгізілді. Сонымен қатар, Сыдық Мұхамеджанов, Мансұр Сағатов және Евгений Брусиловский сынды композиторлардың ақын сөзіне жазылған әндері шырқалды.
Бұл концерт Абайдың 180 жылдығына арналған іс-шаралардың бастамасы болды. Күзде көрермендер ақынның сөзіне жазылған басқа да композиторлардың шығармаларынан құралған концертті тамашалай алады.
Айта кетейік, «Астана Опера» театрында Абай мұрасын арқау еткен спектакльдер тұрақты түрде қойылады. Театр репертуарындағы айтулы туындылардың бірі – Мұхтар Әуезовтің либреттосына негізделген Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсы. Бұл қойылым 2015 жылы театрдың Үлкен залында алғаш рет сахналанып, 2018 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болған еді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Japoniyadan üş qola: Qazaqstandıq para jüzuşiler jeñis twğırında

Qazaqstanda alğaş ret JI kömegimen qazaqşa mul'tfil'm jasaldı

ورمان ورتى سپۋتنيكتەن «كوزگە» الىنادى: قازاقستاندا جاڭا كارتا ىسكە قوسىلادى

Последние новости

Orman örti sputnikten «közge» alınadı: Qazaqstanda jaña karta iske qosıladı

ورمان ورتى سپۋتنيكتەن «كوزگە» الىنادى: قازاقستاندا جاڭا كارتا ىسكە قوسىلادى

Mamırda qazaqstandıqtar neşe kün demaladı?