Автор: ADMIN
Ұлттық киноға жол ашық: киножобаларды іріктеу басталды!
Қазақстандық киногерлер үшін үлкен мүмкіндік! «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» 2025 жылы ұлттық фильм мәртебесін алуға үмітті киножобаларға конкурс жариялады, деп хабарлайды Shalqar.kz тілшісі Сыртқы Істер министрлігіне сілтеме жасап.
Конкурс қалай өтеді?
Іріктеу екі кезеңнен тұрады:
- Бірінші кезең – фильм сценарийлері немесе сценарий жоспарларын қарастыру.
- Екінші кезең – Сараптама кеңесі таңдаған жобалардың құжаттарын жинақтау.
Конкурстың бірінші кезеңіне қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды тапсыруы қажет:
• Фильм сценарийі немесе сценарий жоспары (PDF форматында);
• Өтінім (Орталықтың талаптарына сәйкес);
• Авторлық шарт;
• Жеке куәліктің көшірмесі;
• Өтініш беруші мен сценарий авторы арасындағы алдын ала келісімшарт.
Маңызды: Бір өтініш беруші тек 2 сценарий ұсына алады (ойын, анимациялық, деректі-хроникалы фильмдер бойынша).
- Құжаттар 5-13 наурыз аралығында қабылданады (12 наурыз, 23:59-ға дейін).
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бұл конкурстың ашық әрі әділ өтетінін атап өтті:
“Конкурсқа қатысты барлық ақпарат министрліктің және Орталықтың ресми сайтында жарияланады. Сонымен қатар, Кино орталығы жанынан кеңес беру қызметі іске қосылды. Биылғы киножобаларға арналған басым тақырыптар тізімі де алдын ала жарияланған. Киногерлер сапалы туындылар әзірлейді деп сенеміз.”
Конкурсқа кімдер қатыса алады?
Іріктеуге қатысу үшін үміткерлердің салық берешегі болмауы және банкроттық рәсімге тартылмауы қажет.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
В Кызылорде открылась первая школа нового формата
Atırauda 23 jastağı fel'dşer qaqtığıs kezinde qaza taptı
Qızılordada jaña formattağı zamanaui mektep esigin aştı
Последние новости
Qazaqstandıqtardıñ ömir süru wzaqtığı jaña mejege jetti
قازاقستاندىقتاردىڭ ومىر سۇرۋ ۇزاقتىعى جاڭا مەجەگە جەتتى
Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет