Автор: ADMIN
Орал Таңсықбаевтың 120 жылдығына арналған көрме: Ұлттық өнердің жаңа қырлары
Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде көрнекті суретші Орал Таңсықбаевтың 120 жылдығына арналған ерекше көрме ашылды. Бұл шара бейнелеу өнерінің үздік өкіліне деген құрмет ретінде ұйымдастырылды. Көрме Өзбекстан Республикасының мәдениет және өнерді дамыту қоры мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтті, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Экспозицияда суретшінің ерекше стилін, шығармашылық мұрасын және ұлттық кескіндеменің дамуына қосқан зор үлесін көрсететін 74 туынды ұсынылды. Көрменің ашылу салтанатына Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Өзбекстан Республикасы Президентінің көмекшісі Саида Мирзиёева, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев және екі елдің өнер қайраткерлері қатысты.
Аида Балаева өзінің сөзінде, Орал Таңсықбаевтың өнері екі елдің арасындағы мәдени байланысты нығайтуға үлкен үлес қосқанын атап өтіп, оның туындылары Өзбекстанның табиғатын шынайы әрі жоғары деңгейде бейнелегенін айтты. «Орал Таңсықбаев пен Әбілхан Қастеев – екі ұлы суретші. Олар өз елдерінде ұлттық кескіндеме мектебінің қалыптасуына елеулі ықпал жасап, кейінгі буынға үлкен әсер қалдырды», – деді министр.
Өз кезегінде, Саида Мирзиёева көрмені ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, Қазақстан мен Өзбекстанның мәдениет саласындағы ынтымақтастығының маңыздылығын сөз етті. Көрме биылғы жылдың маусым айына дейін ашық болады. Сонымен қатар, Өзбекстан Ұлттық балетінің гастрольдері мен Орал Таңсықбаевтың көрмесі Астанада да өтетін болады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
ۆ زكو بۋحگالتەر پرەدپريياتييا س يگرومانيەي پريسۆويل 118 ملن تەنگە
В ЗКО бухгалтер предприятия с игроманией присвоил 118 млн тенге
BQO-da ludomaniyağa şaldıqqan käsiporın buhgalteri 118 mln teñge jımqırğan
Последние новости
BQO-da ludomaniyağa şaldıqqan käsiporın buhgalteri 118 mln teñge jımqırğan
بقو-دا لۋدومانيياعا شالدىققان كاسىپورىن بۋحگالتەرى 118 ملن تەڭگە جىمقىرعان
V ZKO buhgalter predpriyatiya s igromaniey prisvoil 118 mln tenge