Автор: ADMIN
«Асыл мұра»: Қазақ мәдениетінің жауһарлары цифрлық кеңістікте

Астанада қазақ халқының бай музыкалық және фольклорлық мұрасын қамтитын «Асыл мұра» аудиожинағының таныстырылымы өтті. Салтанатты шараға Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қатысты, деп хабарлайды Shalqar.kz тілшісі Сыртқы Істер министрлігіне сілтеме жасап.
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы мен «Ozen» музыкалық лейблы бірлесіп дайындаған бұл жоба – ұлттық өнерімізді жаһандық деңгейде насихаттауға арналған маңызды қадам. «Асыл мұра» – халықаралық стримингтік платформаларда ең көп жүктелген және кең таралған отандық музыка жинағының біріне айналды.
Жинаққа қазақтың музыкалық мұрасы мен халық ауыз әдебиетінің асыл үлгілері енген:
• 400 күй — қазақ күй өнерінің інжу-маржандары
• 300 жыр-терме — халқымыздың өмірі мен тарихын жырлаған туындылар
• 400 халық әні және халық композиторларының шығармалары
• 100 ертегі — ұлттық фольклордың ажырамас бөлігі
• 50 бесік жыры — ұрпақ тәрбиесіндегі мәні зор әндер
• 250 ретро хит — өткен ғасырдың жүректерден орын алған әндері
Ең бастысы, жинақтағы шығармалардың басым бөлігі түпнұсқа орындауда сақталған. Бұл тыңдарманға қазақ музыкасының шынайы болмысын сезінуге мүмкіндік береді.
1500 таңдаулы аудиожазба Apple Music, Spotify, Yandex Music, YouTube Music секілді әлемнің 100-ден астам танымал платформасында қолжетімді. Сонымен қатар, жинақты «Қазақстан» телерадиокорпорациясының altynqor.com сайтынан тыңдауға болады.
«Асыл мұра» — бұл ұлттық өнеріміздің заманауи форматта жаңғыруы. Цифрлық кеңістікте қазақтың рухани мұрасын дәріптеуге арналған бірегей жоба.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

В Астане стартовал первый саммит “Центральная Азия – Италия”

Алматы разделят на 5 зон: Где появятся новые полицентры и что в них будет

Jalğan diplom – jarqın bolaşaqqa jasalğan qauip!
Последние новости

Almatı 5 aymaqqa bölinedi: Qala qayda jäne qalay damidı?

الماتى 5 ايماققا بولىنەدى: قالا قايدا جانە قالاي داميدى?

Алматы разделят на 5 зон: Где появятся новые полицентры и что в них будет