Автор: ADMIN
Жеңістің 80 жылдығы: 42 мың қазақстандыққа марапат беріледі
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін марапаттау жоспарларын жариялады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Мерейтой аясында елімізде бірқатар әскери-патриоттық іс-шаралар өтеді. Қорғаныс министрлігі майданда ерлік көрсеткен батырларды еске алып, ерекше көзге түскен әскери қызметкерлерді құрметтеуге баса назар аударып отыр.
Министрліктің мәліметінше, биыл Жеңістің 80 жылдығына арналған естелік медаль 42 мың қазақстандыққа табысталады. Бұл марапат, ең алдымен, соғыс және тыл ардагерлеріне арналмақ.
– Біз соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін мемлекеттік мерекелерде құттықтауды дәстүрге айналдырдық. Сонымен қатар, қаза тапқан жауынгерлердің ерлігін ұмытпай, олардың есімдерін мәңгі есте қалдыруға бағытталған шараларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеміз, – деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Мерекеге орай 7-9 мамыр күндері еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтетіні белгілі болды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Жұмыссыз адам да алимент төлеуге міндетті
200 شەشىمنىڭ 8-ى زاڭسىز: اباي وبلىسىندا شەنەۋنىكتەر جازالاندى
200 şeşimniñ 8-i zañsız: Abay oblısında şeneunikter jazalandı
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı