Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2026-07-26 22:05:00

Біз әлеуметтік желілерде:

«Толық адам» жобасы аясында Наурызбай ауданының тұрғындарымен мазмұнды кездесулер өтті

news single

   Абайдың өшпес іліміне сүйене отырып, саналы, әділетті, мейірімді әрі жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеуді мақсат еткен «Толық адам» әлеуметтік және білім беру жобасы аясында Наурызбай ауданының тұрғындарымен бірқатар маңызды кездесулер ұйымдастырылды. Ұлттық құндылықтар мен адамгершілік қағидаттарын жастар мен қоғам санасына сіңіруді көздеген бұл бастама тұрғындардың үлкен ықыласына бөленді. Аудандық мекемелерде, ұжымдар мен клубтарда өткен бұл жүздесулерді Жаңыл Әпетова үйлестіріп, қатысушыларға жобаның мән-маңызын жан-жақты түсіндіріп отырды. Жиындардың басты ерекшелігі – әр саланың білікті мамамандары мен өкілдері келіп, халықты толғандырған өзекті мәселелер мен мемлекеттік бағдарламалар туралы ашық сұхбат құрды.

 

 

 

   Кездесулер барысында құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыру, киберқылмыстың алдын алу, зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметіндегі жаңалықтар, МӘМС жүйесіндегі өзгерістер кеңінен сөз болды. Сонымен қатар «Отбасы банк» арқылы қолжетімді баспана алу жолдары, есірткі қылмысына қарсы күрес, «Skills Enbek» платформасы арқылы кәсіби біліктілікті арттыру мен еңбек ресурстарын дамыту тақырыптары жан-жақты талқыланды. Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және азаматтық белсенділікті арттыру мәселелері де назардан тыс қалмады. Аталмыш іс-шараларға Еңбек мобильділігі орталығы, «Отбасы банк», Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы, Алматы қаласы Полиция департаментінің Есірткі және киберқылмысқа қарсы күрес басқармалары, сондай-ақ БЖЗҚ өкілдері қатысып, маңызды ақпараттар беріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

 

 

   Жиын соңында қатысушылар мамандарға алғыстарын білдіріп, арнайы дайындалған ақпараттық брошюралар мен парақшаларға үлкен қызығушылық танытты. Айта кетейік, ауқымды жоба «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен және Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық даму орталығының» қолдауымен жүзеге асырылуда. Осындай мазмұнды кездесулер жыл соңына дейін қаламыздың барлық аудандарын қамтитын болады.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться