Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2026-08-18 19:49:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Ақтөбеде 180 мыңға жуық адам жер кезегінде тұр

news single

    Ақтөбе қаласында жеке тұрғын үй салуға арналған 10 сотық жер теліміне сұраныс жоғары. Қазіргі таңда 177 917 адам жер кезегінде тұр,-деп  хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat"  телеграм каналына сілтеме  жасап. 

 

   Алайда инженерлік инфрақұрылымы дайын бос учаскелердің болмауына байланысты жер телімдерін беру 2022 жылдан бері уақытша тоқтатылған. Ақтөбе облыстық жер қатынастары басқармасының мәліметінше, негізгі мәселе – су, электр желілері мен жол инфрақұрылымы тартылған бос жер телімдерінің жеткіліксіздігі. Қазір әкімдік жаңа тұрғын алаптарды қалыптастыру және оларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, бос жер учаскелері анықталып, олар бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары әзірленуде.

 

   Келесі кезеңде жаңа аумақтарға су және электр желілерін, сондай-ақ жол инфрақұрылымын тарту жоспарланған. Бұл жұмыстар 2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Жер қатынастары басқармасының хабарлауынша, жер телімдері инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілгеннен кейін ғана кезекте тұрған азаматтарға берілмек.

 

   Былтыр Ақтөбе қаласында жер кезегінде шамамен 167 мың адам тұрған. Бір жыл ішінде кезекке тағы 10 мыңға жуық азамат қосылған.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться