ОБРАЗОВАНИЕ И НАУКА

Автор: ADMIN

ОБРАЗОВАНИЕ И НАУКА 2026-11-05 21:10:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Қазақстанның үш университеті Азиядағы үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді,- деп хабарлайды "Shalqar.kz".

news single

2026 жылғы 4 қарашада жарияланған QS Asia University Rankings 2027 халықаралық рейтингіне сәйкес, Қазақстанның үш жоғары оқу орны Азиядағы үздік 100 университеттің қатарына енді.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, рейтингте еліміздің мына университеттері жоғары нәтиже көрсетті:  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 46-орын;  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 62-орын;  Satbayev University – 89-орын.

Осылайша, Қазақстан Орталық Азия елдері арасында көшбасшылық орнын сақтап, үздік жүздікке үш университетін енгізген өңірдегі жалғыз мемлекет атанды.

Биылғы рейтингке Азияның 26 елі мен аумағынан 1 722 жоғары оқу орны қатысты. Қазақстаннан 51 университет тізімге енген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жеті университетке артық. Сонымен қатар, Nazarbayev University өз көрсеткішін 62 сатыға жақсартып, 139-орынға тұрақтады. Осылайша, Азияның үздік 200 университетінің қатарына қосылды. QS Asia University Rankings рейтингі жоғары оқу орындарын академиялық бедел, жұмыс берушілер арасындағы танымалдық, ғылыми-зерттеу қызметі, халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық сияқты 11 көрсеткіш бойынша бағалайды. Бұл нәтиже Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің халықаралық деңгейде танылып, Азияның академиялық кеңістігіндегі позициясының нығайып келе жатқанын көрсетеді.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться