Спорт

Автор: ADMIN

Спорт 2026-11-06 13:38:00

Біз әлеуметтік желілерде:

«Қайрат» еурокубок ойындарынан 2 млрд теңгеге жуық табыс тапты,-деп хабарлайды “Shalqar.kz”.

news single

Алматылық «Қайрат» футбол клубының 2026-27 жылғы еурокубок маусымындағы табысы шамамен 2 млрд теңгеге жетті.

Бұған Конференциялар лигасының жалпы кезеңінде италиялық «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсуі себеп болды.

Бұл нәтиже үшін клуб УЕФА-дан қосымша сыйақы алады. Қазіргі уақытта «Қайрат» жалпы кезеңге шыққаны үшін 3,17 млн еуро, Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңдеріне қатысқаны үшін 525 мың еуро және екі тең ойын үшін 266 мың еуро көлемінде сыйақы алуға құқылы. Осылайша, клубтың жалпы табысы 3,961 млн еуроны немесе шамамен 2 млрд теңгені құрады.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться