Автор: ADMIN
Қазақстан ДДҰ сессиясында алғашқы медициналық көмекті дамыту стратегиясын таныстырды,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.
Қазақстан делегациясы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Еуропалық өңірлік комитетінің 76-сессиясына қатысып, медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (МСАК) дамыту стратегиясын таныстырды.
2026 жылғы 27–29 қазан аралығында Копенгаген қаласында өткен жиынға Еуропалық өңірдің 53 мемлекетінің өкілдері қатысты. Сессия барысында Қазақстан тарапы медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, аурулардың алдын алу және денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мәселелеріне тоқталды.
Сонымен қатар, жасанды интеллектіні медицинада қолдану, инфекциялық емес аурулармен күрес және психикалық денсаулықты қорғау бағыттары талқыланды. Қазақстанның халықаралық жиынға қатысуы денсаулық сақтау саласындағы тәжірибе алмасуға, ынтымақтастықты нығайтуға және алғашқы медициналық көмекті одан әрі дамытуға мүмкіндік берді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер