Событие

Автор: ADMIN

Событие 2026-11-06 13:14:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Берлинде Alatau City-ді дамыту бойынша 11 келісімге қол қойылды,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.

news single

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Берлинде Германияның мемлекеттік органдары мен іскерлік топтарының өкілдерімен кездесіп, Alatau City жобасына инвестиция тарту мәселелерін талқылады.

Келіссөздер барысында өнеркәсіп, энергетика, құрылыс және қалалық инфрақұрылым салаларындағы ынтымақтастыққа басымдық берілді. Сондай-ақ неміс компанияларымен өндірісті дамыту, медициналық орталық құру және заманауи технологияларды енгізу мәселелері қарастырылды.

Кездесулер қорытындысы бойынша өнеркәсіп, машина жасау, құрылыс, медицина, қалалық қауіпсіздік және ұшқышсыз технологиялар бағыттары бойынша 11 ынтымақтастық келісіміне қол қойылды. Alatau City жобасының инвестициялық таныстырылымы Германияның Франкфурт қаласында жалғасады. Онда инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мәселелері талқыланады.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться