Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-11-06 13:26:00

Біз әлеуметтік желілерде:

АҚШ-та әлемге танымал қазақ физигі Манат Мәуленбайұлы қайтыс болды,-деп хабарлайды “Shalqar.kz”.

news single

Әлемге танымал қазақ ғалымы, физик әрі өнертапқыш Манат Мәуленбайұлы АҚШ-тың Калифорния штатында дүниеден өтті. Қаралы хабарды Қазақстанның халықаралық ғылым және технологиялар қауымдастығы (QIST) растады.

Ғалым еңбек жолын Қытай Ғылым академиясында бастап, кейін Нобель сыйлығының лауреаты Самюэл Тингтің ғылыми тобына қосылған. Ол Швейцариядағы CERN ұйымында және ETH Zürich университетінде қызмет атқарған. Кейін АҚШ-та медициналық технологиялар саласында зерттеулер жүргізіп, өкпе обырын ерте анықтауға арналған жасанды интеллект технологиясын әзірлеуге үлес қосты. Манат Мәуленбайұлының ғылым мен инновация саласындағы еңбектері халықаралық ғылыми қауымдастық үшін маңызды мұра болып қалмақ.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться