Автор: ADMIN
Таяу Шығыста дипломатиялық белсенділік күшейді,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.
Таяу Шығыстағы әскери-саяси шиеленісті бәсеңдету мақсатында бірқатар мемлекет дипломатиялық келіссөздерді жандандыруда. Әсіресе Қытай, Катар, Иран және Сауд Арабиясы арасындағы байланыстар күшейіп отыр. Қытай Сыртқы істер министрлігінің 2 қарашадағы мәлімдемесіне сәйкес, Қытайдың Таяу Шығыс мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Чжай Цзюнь қараша айының басы мен ортасында Иран, Оман және Сауд Арабиясына сапар жасайды. Кездесулердің басты мақсаты – бейбіт келіссөздерді ілгерілету және аймақтағы шиеленісті төмендету. Сонымен қатар, Қытай Сыртқы істер министрі Ван И Бейжіңде Иран мен Сауд Арабиясының жоғары лауазымды өкілдерімен кездесіп, аймақтық қауіпсіздік пен қақтығыстарды саяси жолмен реттеу мәселелерін талқылады. Катар да АҚШ пен Иран арасындағы келіспеушіліктерді азайтуға бағытталған делдалдық әрекеттерін жалғастырып жатыр. Ел Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, тараптар арасындағы ұсыныстарды үйлестіру және келіссөздерге жағдай жасау жұмыстары жүргізілуде.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер