Ұлттық құндылықтар

Автор: ADMIN

Ұлттық құндылықтар 2026-11-10 19:13:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Тоқаев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының X құрылтайында сөз сөйледі,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.

news single

АСТАНА, 10 қараша. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының X құрылтайына қатысып, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту мен оны дамыту мәселелеріне тоқталды. Мемлекет басшысы ана тілі мәселесі мемлекеттік, саяси және ұлттық маңызы бар тақырып екенін атап өтті. Оның айтуынша, қазақ тілінің абырой-беделін арттыру – бүкіл қоғамға ортақ міндет.

Президент «Қазақ тілі» қоғамының мемлекеттік тілдің дамуына қосып келе жатқан үлесін жоғары бағалады. Сондай-ақ 1989 жылы академиктер Әбдуәли Қайдар мен Өмірзақ Айтбайұлының бастамасымен құрылған ұйымның тарихи маңызын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін цифрлық кеңістікте дамытуға ерекше назар аударды. Атап айтқанда, ұлттық цифрлық деректер қорын қалыптастыру, архивтер мен кітапханалардағы қазақтілді мұраларды цифрландыру және көптілді сөздіктер әзірлеу қажеттігін айтты.

Сонымен қатар Президент қазақ тіліндегі сапалы цифрлық контентті көбейтіп, балалар мен жастарға арналған білім беру өнімдерін дамыту маңызды екенін жеткізді. Мемлекет басшысы қазақ тілінің болашағы үшін мемлекет пен қоғам бірлесе жұмыс істеуі керектігін атап өтті.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Последние новости

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться