Общество

Автор: ADMIN

Общество 2026-11-10 19:30:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Қазақстандағы ең ұзақ бағыттағы пойыз жаңа вагондармен жаңартылды,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.

news single

Қазақстандағы ең ұзақ теміржол бағыты саналатын №37/38 «Маңғыстау – Семей» пойызы жаңа жолаушылар вагондарымен толықты. Жаңартылған вагондар отандық RWS Wagon зауытында шығарылған. «Қазақстан темір жолы» компаниясының мәліметінше, Батыс өңірге 70-тен астам жаңа вагон жеткізілген. Сонымен қатар №109/110 «Маңғыстау – Ақтөбе» пойызының құрамы да жаңартылды. Жаңартылған «Маңғыстау – Семей» пойызы тоғыз вагоннан тұрады. Оның төртеуі – купе, төртеуі – плацкарт және біреуі – вагон-мейрамхана. Пойыз жалпы саны 331 жолаушыға арналған орынмен жабдықталған. Жаңа вагондарда жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін Wi-Fi, USB қуаттау порттары, 220 вольттық розеткалар және биодәретханалар орнатылған. Сондай-ақ ауа баптау, ауаны залалсыздандыру және температураны реттеу жүйелері қарастырылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында вагондар бейнебақылау және өрт сөндіру жүйелерімен жабдықталған. Бұдан бөлек, нәресте жөргектеуге арналған арнайы үстелдер мен жеке сейфтер де бар. Вагон паркін жаңарту жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға және теміржол көлігіндегі жайлылық деңгейін жақсартуға бағытталған.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться