Автор: ADMIN
АҚШ-та үшінші күн қатарынан мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып, кейінге шегерілді,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.
FlightAware авиациялық деректер қызметінің мәліметінше, жексенбі күні АҚШ бойынша 2 300-ден астам рейс тоқтатылып, шамамен 7 700 рейс кейінге шегерілген.
Ал сенбі күні әуе компаниялары 6 400-ден астам рейстің күшін жойып, 8 мыңнан астам рейсті кешіктірген. Жұма күні АҚШ-тың Федералдық авиация басқармасы (FAA) әуе қозғалысын басқару жүйесіндегі байланыс мәселелеріне байланысты ел аумағында ұшақтардың ұшуына уақытша шектеу енгізген болатын. Соның салдарынан көптеген жолаушылар әуежайларда қалып, әуе компанияларының жұмыс кестесі бұзылды.
Шон Даффидің мәлімдеуінше, оқиғаға кибершабуыл немесе қасақана әрекет себеп болғаны туралы әзірге дәлел жоқ. Ақаудың нақты себебі анықталып жатыр. Министр жолаушылар қауіпсіздігі басты басымдық болып қала беретінін атап өтті.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер