Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-11-19 20:09:00

Біз әлеуметтік желілерде:

2027 жылдан бастап жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлем алу тәртібі өзгереді,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.

news single

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау тәртібі өзгереді. Жаңа ережелерге сәйкес, төлем алу мерзімі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгіленіп, үш айдан аспайды.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, әлеуметтік төлем алу үшін азамат алдымен мансап орталығына жүгініп, жұмыс іздеуші ретінде тіркелуі керек. Егер 13 күн ішінде лайықты жұмыс табылмаса, оған жұмыссыз мәртебесі беріледі. Жаңа тәртіп бойынша әлеуметтік төлем мерзімі әлеуметтік аударымдардың төлену ұзақтығына байланысты есептеледі. Атап айтқанда, жүйеге 6 айдан 12 айға дейін қатысқан азаматтарға төлем бір ай, 12 айдан 24 айға дейін қатысқандарға екі ай, ал 24 айдан астам қатысқандарға үш ай төленеді. Төлем мөлшері соңғы 24 айдағы орташа айлық табыстың 45 пайызын құрайды. Сонымен қатар есепке алынатын табыс жеті ең төменгі жалақы мөлшерімен шектеледі. 2027 жылы ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін өсуіне байланысты әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері айына 346,5 мың теңгеге жетеді.

Өтінішті eGov.kz, Enbek.kz порталдары, банктердің мобильді қосымшалары немесе мансап орталықтары арқылы беруге болады. Жаңа талаптар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап төлем тағайындауға өтініш білдірген азаматтарға қолданылады.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться