Автор: ADMIN
Қазақстанда скрининг арқылы анықталған онкологиялық аурулар саны 62%-ға артты,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.
2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстанда онкологиялық скрининг нәтижесінде 3 016 қатерлі ісік жағдайы анықталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 62%-ға көп.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Министрлік мәліметінше, ең жоғары өсім колоректалдық обырды анықтау көрсеткіші бойынша тіркелген. Атап айтқанда, тоқ ішек қатерлі ісігінің 590 жағдайы анықталып, өткен жылғы 330 жағдаймен салыстырғанда 78,8%-ға артқан. Сүт безі обырының 2 049 жағдайы тіркелді. Былтыр осы кезеңде 1 293 жағдай анықталған. Өсім 58,5%-ды құрады. Ал жатыр мойны обыры бойынша 377 жағдай анықталып, көрсеткіш 57,7%-ға өскен. Сонымен қатар есепті кезеңде 5 295 обыр алды жағдайы анықталды. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі 3 373 жағдайдан 57%-ға жоғары. Дегенмен ауруды ерте кезеңде анықтау көрсеткіші де жақсарған. Бірінші сатыда анықталған онкологиялық аурулардың үлесі 70,3%-дан 71,6%-ға дейін өсті. Жыл басынан бері елімізде 3,23 миллионнан астам адам онкологиялық скринингтен өтті. Бұл тексеруден өтуі тиіс халықтың 57,1%-ын құрайды. Қазіргі уақытта Қазақстанның 20 өңірінде орталықтандырылған скрининг жүйесі жұмыс істейді. Ал қатерлі ісікке күдік туындаған пациенттер үшін қосымша тексерулерден жедел өтуге мүмкіндік беретін «жасыл дәліз» қарастырылған.
Мамандар профилактикалық тексеруден уақытылы өтудің маңызын атап өтеді. Себебі онкологиялық ауруларды ерте анықтау емдеуді дер кезінде бастауға мүмкіндік береді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
تەمىربەك قوجاكەەۆ مەكتەبى مەن قايتالانباس قولتاڭبا
ТЕМІРБЕК ҚОЖАКЕЕВ МЕКТЕБІ МЕН ҚАЙТАЛАНБАС ҚОЛТАҢБА
Последние новости
TEMİRBEK QOJAKEEV MEKTEBİ MEN QAYTALANBAS QOLTAÑBA
تەمىربەك قوجاكەەۆ مەكتەبى مەن قايتالانباس قولتاڭبا
ШКОЛА ТЕМИРБЕКА КОЖАКЕЕВА И НЕПОВТОРИМЫЙ ПОЧЕРК