Автор: ADMIN
Жақұт жырдың жауһары: Алматыда Қуандық Шаңғытбаевты еске алды
Алматыда белгілі ақын, аудармашы, Қазақстанның Халық жазушысы Қуандық Шаңғытбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Жақұт жырдың жауһары» атты еске алу кеші өтті. Шара Ұлттық кітапхананың қабырғасында ұйымдастырылып, ақын мұрасын өскелең ұрпаққа дәріптеуді мақсат етті, деп хабарлайды Shalqar.kz тілшісі Сыртқы Істер министрлігіне сілтеме жасап.
Кешке қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, жазушылар, студенттер, сарбаздар мен Түркі дүниесі Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет және ақынның қызы Гаухар Шаңғытбаева қатысты.
Аталған шара аясында Қуандық Шаңғытбаевтың шығармашылығына арналған кітап және фотокөрме ұйымдастырылды. Экспозицияға Ұлттық кітапхана қорындағы кітаптар мен отбасы мұрағатынан алынған сирек суреттер қойылды.
Кеш соңында ақынның «Махаббат пен ғадауат» атты кітабы кітапханаға және кешке келген қонақтарға сыйға тартылды.
Қуандық Шаңғытбаев – поэзия мен парасатты аударма өнерінің биігінде тұрған бірегей қаламгер. Оның шығармалары – қазақ руханиятының алтын қорына айналған қазына.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
وليمپيادا جۇلدەگەرى داۋلەت شابانباي ۇش جىلعا سوتتالدى
Olimpiada jüldegeri Däulet Şabanbay üş jılğa sottaldı
Олимпийский призёр Дәулет Шабанбай приговорён к трём годам лишения свободы
Последние новости
Olimpiada jüldegeri Däulet Şabanbay üş jılğa sottaldı
وليمپيادا جۇلدەگەرى داۋلەت شابانباي ۇش جىلعا سوتتالدى
Olimpiyskiy prizer Däulet Şabanbay prigovoren k trem godam lişeniya svobodı