Автор: ADMIN
Түркістанда Алтын Орданың ізімен: тарихи-мәдени мұра көрмесі ашылды
Түркістанда 17 сәуір күні «Алтын Орда кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» атты ерекше көрме өз жұмысын бастады. Экспозицияға Орта ғасырдан жеткен құнды жәдігерлер қойылған: өрнектелген кірпіштер, тарихи тұлғалардың балауыз мүсіндері, Жошы хан кесенесінің күмбезі, көне монеталар мен карталар және тағы басқа тарихи құндылықтар, деп хабарлайды Shalqar.kz тілшісі Сыртқы Істер министрлігіне сілтеме жасап.
Көрмеге ұсынылған заттар еліміздегі ірі музей қорларынан алынған. Атап айтқанда, «Әзірет Сұлтан» ұлттық музей-қорығы, «Ұлытау» тарихи-мәдени табиғи музей-қорығы және Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі өз жәдігерлерімен бөліскен.
Бұл көрме – Алтын Орда дәуіріне жаңаша көзқарас тудырып, тарихқа жан бітірудің бір жолы.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
ميلان–كورتينا پاراليمپياداسى: قازاقستاندىق سپورتشىلار فينالعا وتتى
Жанабыловтар ісі сотқа жолданды
Последние новости
Delo Janabılovıh napravleno v sud
دەلو جانابىلوۆىح ناپراۆلەنو ۆ سۋد
Дело Жанабыловых направлено в суд