іс-шара

Автор: ADMIN

іс-шара

Біз әлеуметтік желілерде:

Мың дауыс – бір ән: ҚазҰУ-да Абайға арналған ерекше хор шырқалды

news single

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің сахнасында жүректерді тербеген ерекше көрініс орын алды. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай 1000 студент пен оқытушы бір мезетте «Көзімнің қарасы» және «Желсіз түнде жарық ай» әндерін хормен шырқады, деп хабарлайды Shalqar.kz тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Университет ректоры Жансейіт Түймебаев Абай мұрасын насихаттау – әрбір азаматтың парызы екенін атап өтті. Ол қазіргі жастардың данышпан ойшылдың шығармаларына деген қызығушылығы артып келе жатқанын ерекше айтты.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Абайдың 180 жылдығын жоғары деңгейде атап өтуге тапсырма берген болатын. Осыған орай ҚазҰУ қабырғасында ғылыми конференциялар, симпозиумдар, кездесулер мен танымдық шаралар белсенді өтуде. Университет жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты 2009 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді. Институттың еңбегімен 10 томдық «Абайтану антологиясы» жарыққа шықты», – деді ректор.

Музыка мен рухтың үйлескен бұл шара – Абай әлеміне деген құрметтің тағы бір айқын көрінісі.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

img
Тарих 2026-04-14

شاكارىم

img
Ұлттық құндылықтар 2026-04-14

Jeti qazınağa neler jatadı? Jeti Irıs degenimiz ne?

img
Тарих 2026-04-14

ŞÄKÄRİM

Последние новости

img
МҰРА 2026-04-14

Qara sözder (17-qara söz)

img
Тарих 2026-04-14

ŞÄKÄRİM

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться