Автор: ADMIN
«Хабардың» 100 кітабы: Ұлттық кітап күніне орай оқушыларға рухани сый жасалды

Ұлттық кітап күні – биыл алғаш рет Қазақстанда ресми түрде аталып өткенімен, оның айналасында өрбитін игі істер ел ішінде әлдеқашан басталып кеткендей. Соның жарқын мысалы – «Хабар» Агенттігінің ұйымдастырған әлеуметтік акциясы, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бас қалаға жақын орналасқан Ақмола облысындағы Талапкер ауылында жаңадан салынған «Жайлы мектеп» жобасы аясындағы мектеп-лицейдің кітапханасына агенттік 100 көркем және мотивациялық бағыттағы кітапты тарту етті. Әлемдік классиктер мен заманауи авторлардың үздік туындылары – жас буынның рухани дамуына серпін беріп, оқуға деген қызығушылығын оятуды көздейді.
Мектеп ұжымы бұл сыйлықты қуана қабылдады. Директордың міндетін атқарушы Бақыт Шәкірова:
– Жаңа мектептің кітап қоры енді ғана жинақталып жатыр. «Хабардың» сыйы – біз үшін үлкен қолдау. Бұл оқушылардың мотивациясын арттырып, ой-санасын байытуға, білімге деген құштарлығын оятуға жол ашады, – дейді.
Акция аясында елордадағы «Хан Шатыр» сауда орталығында да кітапсүйер қауымға арнап ерекше шара өтті. Агенттік қызметкерлері өздері оқыған және бағалаған кітаптарын көпшілікпен бөлісіп, классика мен заманауи әдебиеттің алтын көпірін орнатты.
«Хабар» Агенттігінің Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев та бұл бастаманың маңызын атап өтті:
– Адамның қалыптасуында кітаптың орны ерекше. Сондықтан біз мектептегі оқушыларға үлгі бола отырып, жалпы қоғамда білім культін қалыптастыруға тырысамыз. Бұл идеяны тек эфирде ғана емес, осындай нақты істермен де жүзеге асырып келеміз. Кітап оқитын ұлт – болашағы мықты ұлт, – деді ол.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Tarihpen suarılğan tağzım: Prezident Jeñis künimen qwttıqtadı

قىزىل الاڭدا قازاق ساربازدارى: الەم نازارى – بىزدىڭ جاۋىنگەرلەردە!

Qızıl alañda qazaq sarbazdarı: Älem nazarı – bizdiñ jauıngerlerde!
Последние новости

9 Mamır – Jeñis künimen qwttıqtaymız!

9 مامىر – جەڭىس كۇنىمەن قۇتتىقتايمىز!

Tarihpen suarılğan tağzım: Prezident Jeñis künimen qwttıqtadı