Автор: ADMIN
Ұлттық әуеннің жаңа тынысы: Жас композитор қазақ музыкасын әлемге танытпақ
Алматыда қазақстандық композиторлардың камералық оркестрге арналған шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. Бұл жинақ — “Тәуелсіздік ұрпақтары” мемлекеттік гранты аясында жарық көрген ерекше жоба, деп хабарлайды Shalqar.kz тілшісі Сыртқы Істер министрлігіне сілтеме жасап.
Жоба авторы — халықаралық байқаулардың жеңімпазы Аршат Шәріп. Ол 2024 жылы «Мәдениет» бағыты бойынша грант иегері атанып, осы еңбекті жарыққа шығарды.
«Біздің мақсат — жас музыканттардың орындау репертуарын ұлттық шығармалармен толықтыру. Бұл жинақ — қазақ классикасын жаңа буынға жеткізудің бір жолы», — дейді автор.
Жинаққа қазіргі қазақстандық композиторлардың камералық оркестрге арналған шығармалары енген. Оларды Giovani Talenti оркестрі орындаған. Оркестр құрамында Ахмет Жұбанов атындағы мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатында оқитын 25 жас талант бар.
Айта кетейік, іс-шара қазақ музыкасының негізін қалаушылардың бірі Ахмет Жұбановтың туған күніне орай ұйымдастырылды.
“Тәуелсіздік ұрпақтары” гранты 2021 жылдан бері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен талантты жастарды қолдау мақсатында табысталып келеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Qarın tüyreu turalı ne bilemiz?
Qazaqtıñ balağa aydar, twlım qoyuında ne män bar?
Қыз ұзату
Последние новости
Qız wzatu
قىز ۇزاتۋ
Қыз ұзату