Автор: ADMIN
Алматыда рекорд: елдегі ең ұзын лағман әзірленбек
1 мамыр – Халықтар бірлігі күніне орай Алматының ең көп ұлтты аймақтарының бірі – Жетісу ауданында ерекше тағамдық рекорд тіркелмек. Бұл күні мұнда “Қазақстандағы ең ұзын лағман” әзірленіп, жаңа ұлттық рекорд орнатылады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Игі бастаманы Жетісу ауданындағы этно-мәдени орталықтар қолға алған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты – ұлттық тағамдарды насихаттап, түрлі этнос өкілдерінің арасындағы достық пен татулықты бекемдей түсу.
Іс-шараға аудан тұрғындары мен түрлі этностардың өкілдері белсенді қатыспақ. Ал әзірленген лағман ресми түрде Қазақстан рекордтар кітабына тіркеледі.
Шарада тек тағам әзірлеумен шектелмей, ұлттық би, музыка, қолданбалы өнер бұйымдары мен жәрмеңке де өтеді деп күтілуде. Бұл күн – Қазақстан халқы бірлігі мерекесіне орайластырылған.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
В преддверии 8 Марта от имени Президента вручили государственные награды
ۆ پرەددۆەريي 8 مارتا وت يمەني پرەزيدەنتا ۆرۋچيلي گوسۋدارستۆەننىە ناگرادى
Dimaş Kudaybergen i Samal Eslyamova poluçili nagradı TÜRKSOY
Последние новости
8 naurız qarsañında Prezident atınan memlekettik nagradalar tabıstaldı
8 ناۋرىز قارساڭىندا پرەزيدەنت اتىنان مەملەكەتتىك ناگرادالار تابىستالدى
V preddverii 8 Marta ot imeni Prezidenta vruçili gosudarstvennıe nagradı