Автор: ADMIN
Миллиондық бәйге: Астанада Жеңіс күніне арналған ұлттық ат жарысы өтеді
4 мамыр күні «Қазанат» атшабарында шын жүйріктер анықталады. Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған «Astana Cup» республикалық бәйге турнирі өтеді. Бұл – классикалық ат жарысы мен ұлттық бәйге түрлерін қамтитын айтулы дода, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Жүлде қоры – 120 миллион теңге. Бұл – елорда төрінде бұрын-соңды болмаған ауқымды бәйгелердің бірі. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген таңдаулы тұлпарлар ұшқыр бәйгеде 1200, 1600, 1800 және 2000 метрге шабады.
Сондай-ақ, дәстүрлі 12 шақырымдық “топ бәйге” мен 18 шақырымдық “аламан бәйге” де өтеді.
Турнирдің ашылу салтанаты 4 мамыр күні сағат 12:00-де өтеді.
Келушілер үшін кіру тегін.
«Қазанат» атшабарына барғысы келетіндер үшін арнайы №303, №309 және №323 автобустар қатынайды.
Шараны Астана қаласы әкімдігі, Туризм және спорт министрлігі, сондай-ақ «Ұлттық спорт қауымдастығы» бірігіп ұйымдастырып отыр.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Ақылы жолдар қазынаға 62 миллиард теңге кіріс әкелді
Ipoteka berudi uaqıtşa toqtatqan bankter qayta qosa bastadı
Aqılı joldar qazınağa 62 milliard teñge kiris äkeldi
Последние новости
Platnıe dorogi prinesli v byudjet 62 milliarda tenge
پلاتنىە دوروگي پرينەسلي ۆ بيۋدجەت 62 ميللياردا تەنگە
Aqılı joldar qazınağa 62 milliard teñge kiris äkeldi