Автор: ADMIN
Астанадағы әскери парад: Жеңістің 80 жылдығы мен ерлік рухын ұлықтаған күн

Астанада Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған ауқымды әскери парад өтті. Ерекше шара ел тәуелсіздігінің символына айналған “Қазақ елі” монументі жанында, Тәуелсіздік алаңында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Shalqar.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Әскери шеруді Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Мереке Көшекбаев басқарды.
Салтанатты рәсімге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев және елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қатысты.
Парадқа Қазақстан Қарулы күштерінің барлық саласынан 4 мыңнан аса әскери қызметші, 200-ден астам техника мен қару-жарақ, сондай-ақ 66 ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылды.
Биылғы парадтың ерекшелігі – алғаш рет сап түзеген заманауи техника қатарында “Бук” және “Тор” зениттік-ракета кешендері, “Барыс”, “Алан”, “Айбар”, “Таймас”, “Террекс” сынды жауынгерлік машиналар, минасыздандыруға арналған роботтар мен арнайы автокөліктер болды.
Сонымен қатар, Қазақстанда жасалуы жоспарланған ұрыс техникасы, роботтандырылған қайықтар мен ұшқышсыз басқарылатын аппараттар көпшілік назарына ұсынылды.
Әуе кеңістігінде А-400 әскери-көлік ұшағы, L-410 жолаушылар ұшағы және Би-300 патруль ұшағы шеру жасап, парадтың көркін ашты.
Мерекелік шараның басты қонақтары – Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, Қарулы күштер мен күш құрылымдарының ардагерлері болды. Іс-шара жоғары деңгейдегі қауіпсіздік пен тәртіппен өтті.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Ülken Almatı köli mañında jaraqat alğan şeteldikke qwtqaruşılar jedel kömek körsetti

قازاقستاندا تۇڭعىش رەت مودۋلьدىك قۇتقارۋ بەكەتى ىسكە قوسىلدى
Последние новости

Elorda küni – 39 säbidiñ dünie esigin aşqan baqıttı tañ

ەلوردا كۇنى – 39 سابيدىڭ دۇنيە ەسىگىن اشقان باقىتتى تاڭ

Qazaqstandıq üş boksşı Älem kubogın altınmen ayaqtadı