Автор: ADMIN
Қызылордада өткен айтыс тарихты жырлады: Бас жүлде – Сара Тоқтамысоваға
Қызылордада «Үш дәуірдің астанасы – Қызылорда» атты республикалық айтыс өтті. Қазақ автономиясы астанасының дәл осы қалаға көшірілгеніне 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған сөз додасына еліміздің әр өңірінен келген 12 ақын қатысты, деп хабарлайды Shalqar.kz сайты облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айтысты ҚР Мәжіліс депутаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтаев жүргізді. Ал айтысқа төрелік еткен қазылар алқасының құрамында елге белгілі тұлғалар – Сауытбек Әбдірахманов, Асанәлі Әшімов, Жүрсін Ерман сынды зиялылар болды.
Сахнада сөз саптаған ақындар ел тарихын, Қызылорданың үш дәуірге куә болған орнын, бүгінгі жаңарған бейнесін өлеңмен өрді. Әсіресе жас буынға үлгі боларлықтай терең тақырыптар қозғалды.
Айтыс қорытындысы мынадай болды:
• Арнайы жүлде – Жансая Мусина мен Бекарыс Шойбекке;
• III орын – Мақсат Ақанов пен Рүстем Қайыртайға;
• II орын – Мұхтар Ниязовқа (үш дүркін «Алтын домбыра» иегері);
• I орын – Мейірбек Сұлтанханға;
• Бас жүлде – Сара Тоқтамысоваға бұйырды.
Қызылорданың рухани мұрасы мен тарихи салмағын жыр арқауына айналдырған бұл айтыс – ұлттың рухын көтерер мәдени оқиғаға айналды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Олимпийский призёр Дәулет Шабанбай приговорён к трём годам лишения свободы
Olimpiyskiy prizer Däulet Şabanbay prigovoren k trem godam lişeniya svobodı
Последние новости
Olimpiada jüldegeri Däulet Şabanbay üş jılğa sottaldı
وليمپيادا جۇلدەگەرى داۋلەت شابانباي ۇش جىلعا سوتتالدى
Olimpiyskiy prizer Däulet Şabanbay prigovoren k trem godam lişeniya svobodı