Автор: ADMIN
Алматыда әйгілі тұлғалардың домбыралары қойылған көрме өтті
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде Ұлттық домбыра күніне арналған ерекше көрме өтті. “Күмбірле, қоңыр домбыра” атты шарада атақты тұлғалар ұстаған тарихи домбыралар көрерменге ұсынылды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Көрмеде Жаяу Мұса, Әміре Қашаубаев, Күләш Байсейітова, Қаныш Сәтбаев, Абайдың жары Ділда, Ахмет Жұбанов сынды қайраткерлерге тиесілі домбыралар көрсетілді. Сондай-ақ көрермендер шеберлік сағаттарына қатысып, ұлттық киім үлгілерін тамашалады.
Шарада «Ақжауын» оркестрі мен домбырашылар ансамбльдері өнер көрсетті. Талантты бүлдіршіндер күйші Секен Тұрысбектен бата алып, ол өз домбырасын музейге тарту етті.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Milan–Kortina Paralimpiadası: qazaqstandıq sportşılar finalğa ötti
Жанабыловтар ісі сотқа жолданды
Последние новости
Delo Janabılovıh napravleno v sud
دەلو جانابىلوۆىح ناپراۆلەنو ۆ سۋد
Дело Жанабыловых направлено в суд