Автор: ADMIN
Астана аспанын жарыққа бөлеген отшашу: 100 мың адам тамашалаған шоу қалай өтті?
Астана күні аясында ұйымдастырылған мерекелік отшашу елордалықтарды ерекше әсерге бөледі. 6 шілде күні кешкісін Ботаникалық бақ аумағында өткен бұл шараны тамашалауға 100 мыңнан астам адам жиналды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Фейерверк сағат 23:00-де басталып, 5 минутқа созылды. Бұл уақыт ішінде аспанға 1 700-ден астам отшашу атылып, қаланың үсті түрлі түске боялды. Шара демеушілердің қолдауымен ұйымдастырылды.
Осы күні “Астана Арена” маңында өткен концертте Қазыбек Құрайыш, аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан», жастардың сүйіктісі 6elucci, Жанар Дұғалова, Әли Оқапов, Лимба және басқа да танымал әртістер өнер көрсетті.
Әкімдіктің хабарлауынша, қала күні аясында 100-ден астам мәдени-спорттық іс-шара ұйымдастырылған.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Milan–Kortina Paralimpiadası: qazaqstandıq sportşılar finalğa ötti
Delo Janabılovıh napravleno v sud
Последние новости
Delo Janabılovıh napravleno v sud
دەلو جانابىلوۆىح ناپراۆلەنو ۆ سۋد
Дело Жанабыловых направлено в суд