Автор: ADMIN
Қарауылдағы Абай мерейтойы: 180 киіз үй тігілген ұлы той
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы туған жерінде – Абай ауданының Қарауыл ауылында ерекше сән-салтанатпен аталып өтуде. Мерекенің басты орталығы – Жидебай қорығы мен Қарауыл ауылы. Мұнда қазақы дәстүрдің бояуы қанық шаралар ұйымдастырылып, қонақтар үшін 180 киіз үй тігіліп, ұлттық тағамдар мен өнер көрмелері ұсынылуда, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Ауылға келген қонақтар тойдың жоғары деңгейде өткенін айтады. Киіз үйлердің сәні, қонақтарды күтіп алу рәсімдері мен мерекелік бағдарламалар ерекше әсер қалдырған. Мерекеге Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек те арнайы қатысып, Абайдың ғылымдағы орны мен «Толық адам» ілімі туралы сөз сөйледі.
Айта кетерлігі, мерейтой аясында «Абай-Шәкәрім» кесенесі жанында «Этно ауыл Жидебай» кешені бой көтереді. 60 гектарлық аумақты қамтитын жоба меценат Бектас Медғатовтың бастамасымен жүзеге асып, өңірдегі туризмді дамытуға және Жидебайды халықаралық деңгейдегі мәдени-тарихи орталыққа айналдыруға бағытталған.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға сотталды
Olimpiada jüldegeri Däulet Şabanbay üş jılğa sottaldı
Последние новости
Olimpiada jüldegeri Däulet Şabanbay üş jılğa sottaldı
وليمپيادا جۇلدەگەرى داۋلەت شابانباي ۇش جىلعا سوتتالدى
Olimpiyskiy prizer Däulet Şabanbay prigovoren k trem godam lişeniya svobodı