әдебиет

Автор: ADMIN

әдебиет 2025-11-29 15:50:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Алматыда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» поэзия және музыка кеші өтті

news single

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында ұлы ақын, ойшыл әрі композитор Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» атты поэзия және музыка кеші өтті, деп хабарлайды Shalqar.kz “Мәдениет және ақпарат министрлігінің” телеграмм каналына сілтеме жасап. Іс-шараға өнерсүйер қауым, сондай-ақ академияның ұстаздары мен студенттері жиналды.

Кеш «Желсіз түнде жарық ай» әнімен ашылып, көрермен Абайдың өзге де танымал шығармаларын бірге орындап, ерекше рухани көңіл-күй қалыптастырды.

Бағдарламада «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да...», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Сегіз аяқ», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Есіңде бар ма, жас күнің?» және басқа да классикаға айналған әндер шырқалды.

Абайдың өлеңдері концертмейстерлердің сүйемелдеуімен оқылды. Кеште белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері өнер көрсетті. Сонымен қатар академияның ұстаздары мен студенттері де сахна төрінде өздерінің жоғары кәсіби шеберлігін танытты.

Абай Құнанбайұлының мұрасы бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, өзекті болып қала береді. Оның өлеңдері, әндері мен философиялық ой-толғамдары бүгінгі ұрпаққа рухани демеу беріп, шабыттандырады. Бұл кеш ұлы ақынның рухына құрмет қана емес, ұлттық өнер мен рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған маңызды мәдени іс-шара болды.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

img
Тарих 2026-04-14

ŞÄKÄRİM

img
Тарих 2026-04-14

شاكارىم

Последние новости

img
МҰРА 2026-04-14

Qara sözder (17-qara söz)

img
Тарих 2026-04-14

ŞÄKÄRİM

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться