Шетелдегі қазақ әдебиеті

Автор: ADMIN

Шетелдегі қазақ әдебиеті 2026-06-25 02:35:00

Біз әлеуметтік желілерде:

ӨР АЛТАЙДЫҢ АҚИЫҚ АҚЫНЫ

news single

    Қытай қазақ әдебиетінің бүгіні мен ертеңі үшін аянбай еңбек етіп, ойлы да отты өлеңдерімен, толғамды прозасымен қаламгерлер көшін бастаған дара тұлғалардың бірі — Мағаз Разданұлы. Ол — қазақ руханиятының қара шаңырағын өз қолдарымен көтеріп, көркем әдебиеттің өсіп-өркендеуіне жарты ғасырлық өмірін арнаған ірі қаламгер. Бүгінде халықтың рухани игілігіне айналған ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасын зерттеу — әдебиеттану ғылымының кезек күттірмес міндеті.

 

   Мағаз Разданұлының поэзиясы мен прозасындағы терең иірімдерге бойлап, асыл сөздерінің сырын ашу — үлкен жауапкершілікті қажет ететін іс. Ақынның өлең әлеміндегі жан дүниесі жарқын да жалынды. Ол заманның құбылмалы кезеңдері мен қоғамдық өзгерістерге үн қосып, ой-толғауларын бүкпесіз ортаға сала білді. Оның шығармашылығы шындық пен ақиқатты айғақтайтын жүрекжарды тебіреністерге толы. Тұңғыш өлеңдер жинағын «Асулар толғауы» деген атпен жариялаған ақынның «Көктем», «Қыран» секілді табиғат лирикасына жазған жырлары сыршыл сезімімен ерекшеленеді.

  Алтайдың ақбас шыңынан құлап аққан асау өзенді:

Толқыннан толқын туу — оның заңы,

Керемет толқындардың бұйра жалы. 

   Аластап әкетеді шетке қағып,

Жаттың бір жатса арнада шаң-тозаңы, — деп суреттеген жолдарынан ақынның шеберлігі айқын көрінеді. Мағаз Разданұлы 1924 жылы 22 сәуірде Қытай Халық Республикасы, Шыңжаң Ұйғыр Автономиялы ауданының Алтай аймағы, Буыршын ауданы, Дулайты ауылында дүниеге келген. Әкесі Раздан — сауатты, білікті имам әрі ашық ойлы адам болғандықтан, баласын жастайынан өнер мен ғылымға баулыған. Мағаздың балалық шағы Өр Алтайдың көз тартар көгілдір таулары мен ну ормандарының ортасында өтті. Туған жеріне арнаған:

Дариға-ай, ыстықсың-ау туған мекен,

Менің не қымбатым бар сенен бөтен.

Қазақтың алақаны секілденіп,

Жаралған жазығыңда мін жоқ екен, — деген жыр жолдары ақынның туған жерге деген мөлдір сезімін паш етеді.

 

   Мағаз Разданұлы 1938-1940 жылдары Сарсүнбедегі мұғалімдер даярлайтын курста оқып, кейіннен ұстаздық қызметпен айналысқан. 1946–1957 жылдары «Алтай газетінде» редактор болып, 1957–1958 жылдары Жұңго (Қытай) жазушылар қоғамының Шыңжаң бөлімшесінде еңбек етті. Алайда, елдегі солшыл саясаттың кесірінен ақын жазықсыз жерден айдалып, жиырма жыл жастық ғұмырын түрмеде өткізді. Ол қиын-қыстау кезеңде де қайсар мінезі мен ар-намысын жоғалтпады. 1979 жылы ақталып, елге оралған соң, өзінің «Тайында жоғалып, тарланында табылған» өлең жолдарындағыдай, қайтадан шығармашылыққа белсене кірісті. 1981 жылдан бастап түрлі жауапты қызметтер атқарып, өмірінің соңына дейін халқының рухани қазынасын байытуға үлес қосты. Ол нәзік лириканың ғана емес, терең ой мен өткір жырдың ақыны болды. Оның «Асулар толғауы», «Сары бел», «Уақытқа жауап», «Ертең» секілді жинақтары — әдебиетіміздегі құнды мұралар. Қазақ әдебиеті — адамзат ой-санасының сөнбес жұлдызы, ал сол жарқын жұлдыздардың арасында Мағаз Разданұлының да өз орны бар.

 

   Ғ. Керейұлы

   2009 жыл

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

img
Шетелдегі қазақ әдебиеті 2026-06-25

Тіліне тіршілікті тиек еткен ақындар

img
Шетелдегі қазақ әдебиеті 2026-06-25

Күн Астана – Нұр қаған

Последние новости

img
Шетелдегі қазақ әдебиеті 2026-06-25

Күн Астана – Нұр қаған

img
Шетелдегі қазақ әдебиеті 2026-06-25

Тіліне тіршілікті тиек еткен ақындар

img
Шетелдегі қазақ әдебиеті 2026-06-25

ӨР АЛТАЙДЫҢ АҚИЫҚ АҚЫНЫ

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться