Шетелдегі қазақ әдебиеті

Автор: ADMIN

Шетелдегі қазақ әдебиеті 2026-06-25 03:11:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Күн Астана – Нұр қаған

news single

    Алса дағы алқымнан Жүз атажау, мың дұшпан.

Айдарынан жел ескен, Маңдайынан күн құшқан,

 Бар екен ғой, жасаған: Әз Алаша – Шыңғысхан!

Алтын Орданың атасы, Жеті ғасыр жаңғырған Бір қол жайған батасы.

 

 Бар екен ғой осы күн, Тірі екен ғой рухы Әз Ақшахан – Жошының.

 Өскен күні мерейдің, Тірілген күні Керейдің.

Қай күн, десең, бұл күнді – Түлеген күні қайтадан Алаш деген егейдің.

Рухы бір кәні боп, Әз қағаным Жәнібек.

Шаттанған күн бейісте: «Бәлі, ұлым, бәлі!» – деп.

Арда Қасым – қасқа хан, Ер Есімхан, басқа хан: «Абат болсын Астанаң!» – деп жолдаған батасын Жаннат сынды бақшадан.

 

  Тәңір салып нақ назар, Алаш болып бақ-базар.

Бейіште шалқып нұрлары Әз Тәуке мен Хақ Назар,

 Жерде аунап аруақтар, Көкте мініп пырағын,

 Тайпалтқан күн – хош болып, Өткен ұлы патшалар.

Маңдайымызға бұл бақты Сыйғыза гөр, А, Құдай!

 Жебей көр бізді, Аруақты Ұлы қаған Абылай!

Елімді мәңгі азат қып, Ордама бер тақ – ұдай.

Көне шәрі кетпес мәңгі естен, Түріктің түпкі тірегі.

 Кенесары кетпес мәңгі естен, Алаштың түкті жүрегі.

Ұмытпас сені ұрпақтар: Арыстардың айласы,

Алыптардың найзасы, Ені кеуде ердің білегі.

 Қарттардың тыңдап толғауын: Алаштың Алаш болғанын,

Алатайдың ат болғанын, Әлемге жүріп әмірі Дөңгелеп, айдай толғанын;

Бір кісілік олжаның Мың кісілік болғанын Аңқия тыңдап ауызым,

Талай тәнті болғамын. Сегіз ықылым өтіпті, Есептесек сол тұстан,

 

 Сондай игі іс етіпті, Алаша хан – Шыңғысхан. Сол дәурен кетіпті

Бассыздық сынды қылмыстан. Зұлымат күндер жетіпті,

 Қайғы жұтып, мұң құшқан. Сондай сұрлы күндерде,

Тентіреп Алаш жүргенде, Бұйыртты Тәңір ел ісін Асып туған нұрлы ерге.

Тұтқа болды Алашқа Зеңгір зиял, күн кеуде.

Құйрығын сүйреп, қыңсылап Бодандық қорқау жөнелді.

Төбеден күліп нұр, шуақ – Ел бақытқа кенелді.

 «Құлдасқан ел, хансырап» (Құлтегін мәтінінен) «Озықтармен» теңелді.

 Біледі мұны достар да, Мойындайды басқа да.

Айғақ оған – бас қала, Күн сәулетті Астана. Ең байырғы ел қалаған,

 Ең бертінгі жас қала. Боп кетсе де жер жүзі

Сансыз шәрі, кіл қала, Ішінде соның – Астана,

Мәңгі жарық күн қала. Алашым алтау болса да,

Жүрегі сенсің, бір ғана!

 

  Тілеуберді Әбенайұлы Тыныбайын

   2009 жыл

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться