Автор: ADMIN
ДДҰ басшысы Қазақстан Президентінің МСАК медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыру туралы шешімін қолдады,- деп хабарлайды "Shalqar.kz".
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МӘМС емес, МСАК) саласындағы медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыру туралы шешімін қолдады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
ДДСҰ басшысы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Қазақстан Президентінің елдегі 77 мың медицина қызметкерінің табысын арттыруға бағытталған бастамасын атап өтті. Сондай-ақ ол халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын сақтауды мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде қарастырудың маңыздылығына тоқталды.
Тедрос Аданом Гебрейесустың айтуынша, алғашқы медициналық-санитариялық көмекке инвестиция салу және медицина мамандарын қолдау медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді. Оның пікірінше, Қазақстанның бұл бағыттағы шешімдері денсаулық сақтау жүйесін нығайтудағы саяси міндеттемелердің маңызын көрсетеді.
ДДСҰ басшысы учаскелік медицина қызметкерлерінің рөліне де ерекше назар аударды. Олар көбінесе азаматтардың денсаулық сақтау жүйесімен алғашқы байланысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар науқастардың денсаулығын тұрақты бақылап, ауруларды ерте кезеңде анықтауға және қоғамдық денсаулықты қорғауға үлес қосады.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап МСАК учаскелік қызметі мамандарының жалақысы үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40%-ға дейін көтеріледі. Бұл шара 77 мыңнан астам медицина қызметкерін қамтиды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жалақыны арттыру медицина мамандарын материалдық тұрғыдан қолдаумен қатар, денсаулық сақтау жүйесінің алғашқы буынын нығайтуға бағытталған.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер