Саясат

Автор: ADMIN

Саясат 2026-11-03 18:23:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізі арқылы жүк тасымалдаудың жаңа жүйесін іске қоспақ,- деп хабарлайды "Shalqar.kz".

news single

Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізі арқылы жүк тасымалдаудың тиімділігін арттыруға бағытталған «Каспий көпірі» атты жаңа жобаны жүзеге асырмақ. Жаңа жүйе теміржол вагондарын жүкті түсіріп, қайта тиеусіз теңіз арқылы тасымалдауға мүмкіндік береді.

Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде өткен кездесуде талқыланды. Кездесуге Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, Қазақстандағы Әзербайжан Республикасының елшісі Алимирзамин Алескеров және AZCON Holding өкілі Шахин Бабаев қатысты.

Жобаның негізгі ерекшелігі – паромдарды теміржолдың жалғасы ретінде пайдалану. Осылайша, вагондардағы жүкті түсіріп, қайта тиеудің қажеті болмайды. Бұл тасымалдау уақытын қысқартып, логистикалық процестерді оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Жобаның бастапқы мақсаты – жылына 8 миллион тонна жүк тасымалдау. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 10–12 миллион тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Ынтымақтастық аясында «Самұрық-Қазына» қоры мен AZCON Holding «Каспий көпірі» жобасын дайындау және іске асыру жөніндегі келісімге қол қойды. Сонымен қатар «Қазақстан темір жолы» мен «Әзербайжан темір жолдары» Алят портында бірлескен интермодальды жүк терминалын құрудың негізгі шарттарын бекітті.

Кездесу барысында тараптар бірлескен терминалдар желісін дамыту, кеме және локомотив жасау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, тариф саясатын үйлестіру және жүктерді Еуропаға жеткізу уақытын қысқарту мәселелерін де қарастырды.

Жобаны іске асыру Транскаспий халықаралық көлік бағытының, яғни Орта дәліздің өткізу қабілетін арттыруға бағытталған.

Бұл бағыт Қазақстанды Каспий теңізі арқылы Әзербайжанмен және одан әрі Еуропа елдерімен байланыстырады. Жаңа бастама Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы көлік-логистикалық байланысты нығайтып, халықаралық жүк тасымалының мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться