Общество

Автор: ADMIN

Общество 2026-11-03 17:55:00

Біз әлеуметтік желілерде:

471 ұйым мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға міндеттелді,- деп хабарлайды "Shalqar.kz".

news single

Алматы облысында мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтуға қатысты заңбұзушылықтар анықталды. Облыстық прокуратура жүргізген тексеріс нәтижесінде 471 ұйымның заң талаптарын толық орындамағаны белгілі болды.

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес, қызметкерлерінің саны 50 адамнан асатын жұмыс берушілер мүгедектігі бар азаматтарға арналған жұмыс орындарының квотасын 2-ден 4 пайызға дейін белгілеуге міндетті.

Алайда облыстағы 471 ұйымның ішінде 2026 жылы небәрі 55 ұйым ғана тиісті квота бекіткен. Нәтижесінде кемінде 963 жұмыс орны қарастырылуы тиіс болғанымен, мүгедектігі бар азаматтарға арналған жұмысқа орналасу мүмкіндігі шектелген.

Прокуратураның қадағалау шараларынан кейін анықталған заңбұзушылықтар жойылып, жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Соның нәтижесінде мүгедектігі бар адамдарға арналған жұмыс орындарының квотасы 10 есеге артты.

Бұл шараның басты мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың еңбек ету құқығын қамтамасыз ету, олардың қоғамға белсенді араласуына және экономикалық тәуелсіздігіне жағдай жасау.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться