Саясат

Автор: ADMIN

Саясат 2026-11-03 18:08:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Үкімет Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын талқылады,- деп хабарлайды "Shalqar.kz".

news single

2026 жылғы 3 қарашада Астана қаласында Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 28 қазандағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын іске асыру мәселелері қаралды.

Үкімет отырысында Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы мақұлданды.

Жоспар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының 12 негізгі бағытын қамтиды. Құжатта барлығы 96 іс-шара қарастырылған.

Негізгі басымдықтардың қатарында көлік және энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын қолдау, сондай-ақ цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу мәселелері бар.

Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамыту, салық және қаржы жүйесін жетілдіру, халықты әлеуметтік қолдау, жалақыны арттыру және мемлекеттік басқару тиімділігін күшейту бағыттарына ерекше назар аударылған.

Премьер-министр Олжас Бектенов барлық жоспарланған іс-шараларды сапалы әрі белгіленген мерзімде орындау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ өңір әкімдіктеріне инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, әлеуметтік нысандар құрылысын қамтамасыз ету және су ресурстарын тиімді пайдалану тапсырылды.

Жиын қорытындысы бойынша Ұлттық экономика министрлігіне Үкімет аппаратымен бірлесіп, Жалпыұлттық жоспарды бекіту туралы Президент Жарлығының жобасын әзірлеп, Президент Әкімшілігіне енгізу тапсырылды. Осылайша, Үкімет Президент Жолдауында белгіленген стратегиялық міндеттерді іске асыруға бағытталған нақты іс-шаралар жоспарын мақұлдады.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Последние новости

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться