Экология

Автор: ADMIN

Экология 2026-11-04 16:49:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Алдағы күндері жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады,- деп хабарлайды "Shalqar.kz".

news single

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт құбылады. Антициклонның орнына солтүстік циклон келіп, еліміздің бірқатар өңірінде жауын-шашын күшейеді.

Синоптиктердің болжамынша, алдымен батыс аймақтарда, кейін республиканың басқа өңірлерінде жаңбыр жауады. Солтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

5–6 қарашада еліміздің батысы мен солтүстік-батысында қатты жаңбыр және қар күтіледі. Ал 6 қарашада оңтүстік және орталық өңірлерде нөсер жаңбыр жаууы ықтимал.

Сонымен қатар республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Мамандар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолда сақ болуға шақырады. Әсіресе көктайғақ болатын аймақтарда қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Последние новости

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться