Мир

Автор: ADMIN

Мир 2026-11-04 17:30:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Мемлекет басшысы Баладжи Шринивасан қатысқан халықаралық технологиялық форумда сөз сөйледі,- деп хабарлайды "Shalqar.kz".

news single

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қазанда Астанада өткен AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық технологиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты.

Форумға әлемдік технология және инвестиция саласының өкілдері, халықаралық сарапшылар мен кәсіпкерлер жиналды. Олардың қатарында Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасан да болды.

Мемлекет басшысы өз сөзінде жасанды интеллектіні дамыту, цифрлық экономиканы қалыптастыру және халықаралық технологиялық ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне тоқталды.

Президенттің айтуынша, Қазақстан жаңа технологиялық экономиканың берік негізін қалыптастыру үшін инновациялық стартаптарды қолдап, озық жобаларды жүзеге асыруы қажет. Сондай-ақ жасанды интеллектіні өнеркәсіп, энергетика, медицина және қаржы салаларында тиімді қолданудың маңызын атап өтті.

Форум барысында Баладжи Шринивасан да сөз сөйлеп, Network School жобасының негізін қалаушы ретінде технологиялық даму мен халықаралық кәсіпкерлік саласындағы көзқарастарын ортаға салды.

Айта кетейік, Network School жобасы Қазақстанда жұмысын бастаған. Жоба халықаралық технологиялық мамандар мен кәсіпкерлерді елге тартуға бағытталған.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
user icon
Jefferykem thanks, interesting read _________________ <a href="https://topbonus.world/olimp-casino/">Олимп-казино</a>

Басты жаңалықтар

Последние новости

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться