Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-11-04 17:03:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Ветеринарлардың жалақысы кемінде 420 мың теңге болады,- деп хабарлайды "Shalqar.kz".

news single

Қазақстанда ветеринария саласы мамандарының жалақысын кемінде 420 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр. Бұл туралы 4 қарашада Құрылтайдың жалпы отырысында ветеринария мәселелеріне қатысты заң жобасын таныстыру кезінде мәлім болды.

Қазіргі уақытта ветеринар мамандарының орташа жалақысы шамамен 220 мың теңгені құрайды. Заң жобасы қабылданған жағдайда, олардың еңбекақысы екі есеге жуық өсуі мүмкін.

Құжатта ветеринарлардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар шара қарастырылған. Атап айтқанда, мамандарға жыл сайынғы еңбек демалысы кезінде кемінде екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысын төлеу ұсынылып отыр.

Сонымен қатар ғылыми дәрежесі бар қызметкерлерге қосымша ақы төлеу және ветеринар мамандарды арнайы жұмыс киімімен қамтамасыз ету көзделген.

Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетінің төрағасы Серік Егізбаевтың айтуынша, заң жобасын жүзеге асыру үшін мемлекеттік бюджеттен жыл сайын шамамен 27 миллиард теңге бөлу жоспарланған.

Айта кетейік, аталған заң жобасы Құрылтайда бірінші оқылымда мақұлданды. Енді құжат заңнамалық рәсімдерден өтуі тиіс.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Последние новости

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться