Событие

Автор: ADMIN

Событие 2026-11-04 17:16:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Президент Телерадиокешені өкілдері Қытайдағы БАҚ форумына Қазақстан атынан қатысты,- деп хабарлайды "Shalqar.kz".

news single

Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені Қытайда өткен «Бір белдеу – бір жол» халықаралық БАҚ ынтымақтастығы форумына қатысты.

Іс-шара 3 қарашада Қытайдың Фуцзянь провинциясындағы Фучжоу қаласында өтті. Форумды «Жэньминь жибао» газеті мен Фуцзянь провинциясының үкіметі ұйымдастырды. Жиынға әлемнің 100 елінен 182 бұқаралық ақпарат құралы мен ұйымның өкілдері қатысты.

Форум барысында халықаралық ақпараттық ынтымақтастықты дамыту, халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайту және журналистер арасындағы кәсіби байланысты кеңейту мәселелері талқыланды.

Жиында Президент Телерадиокешенінің құрамына кіретін «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінің басқарушы директоры Дана Рысмұхамедова сөз сөйледі. Ол Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу – бір жол» бастамасын алғаш рет 2013 жылы Астанада таныстырғанын атап өтті.

Сонымен қатар форум аясында «Бір белдеу – бір жол» ақпараттық желісі (BRNN) кеңесінің төртінші отырысы өтті. Онда қатысушы елдердің бұқаралық ақпарат құралдары арасында жаңалықтар, фото және бейнематериалдар алмасуды дамыту, бірлескен жобалар ұйымдастыру және журналистерге арналған кәсіби семинарлар өткізу ұсынылды.

Айта кетейік, Президент Телерадиокешені мен «Жэньминь жибао» газеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға 2024 жылы қол қойылған. Құжат Қазақстан мен Қытай арасындағы ақпараттық байланысты нығайтуға бағытталған.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
user icon
JamesSwoca Природный камень (гранит, известняк, песчаник) - для фундаментов, облицовки, мощения https://stroyka7.ru/materialy/электрика/кабели-и-проводы/кабель-силовой-ввгнг-3х25-гост/ ключевой параметр (плотность/толщина/прочность/класс);

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться