Тарих

Автор: ADMIN

Тарих 2026-03-08 00:36:00

Біз әлеуметтік желілерде:

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ

news single

    ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ

  Еуропадағы қазақ диаспорасы - бұл тарихы терең және құрамы жағынан әртүрлі қауымдастық. Оны негізінен үш үлкен толқынға бөліп қарастыруға болады. «Түркия арқылы келген» толқын (1960-1970 жж.): Бұл — ХХ ғасырдың басындағы нәубет жылдарында Қытайға, одан соң Гималай асып Пәкістан мен Түркияға тұрақтанған қазақтардың ұрпақтары. Кейіннен олар Түркия мен Еуропа елдері арасындағы еңбек миграциясы келісімдері бойынша Германияға, Францияға және Австрияға қоныс аударды. Посткеңестік кезең (1990-2000 жж.): Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін білім қуып, жұмыс бабымен немесе отбасы жағдайымен көшкендер. Заманауи толқын (2010–2026 жж.): «Болашақ» бағдарламасының түлектері, IT-мамандар, ғалымдар мен кәсіпкерлер. Бүгінде Еуропаның ірі стартап-хабтары мен халықаралық ұйымдарында қазақ жастары өте көп. Орталығы Мюнхенде болып, 2009 жылы Қайым Кесижидің басшылығымен «Еуропа қазақтарының қауымдастығы» ресми түрде тіркеліп, жұмыс істеді. «Ұйым 2009 жылы «Federation of European Kazakh Associations» (FEKA) деген ағылшынша түпнұсқа атауымен ресми түрде құрылып, Германияның Мюнхен қаласындағы жергілікті сотта тіркелген. Оның қазақ тіліндегі баламасы - «Еуропа Қазақ Қоғамдары Федерациясы». Бұл атау ұйым жарғысында арнайы көрсетіліп, заңды тіркеуден өткен.

 

   Бұл құрылымның тарихи маңызы зор, өйткені FEKA - шетелдегі қазақ диаспорасының басын қосқан, Еуропа елдеріндегі түрлі қазақ мәдени орталықтары мен қоғамдарын біріктіретін тұңғыш «шатыр ұйым» (umbrella organization) мәртебесіне ие болған . Ол Еуропадағы шашылып жүрген қазақ мәдени орталықтарын бір шаңырақ астына жинаған алғашқы орталық құрылым болды» - дейді Әбділқайым Бірғазыұлы . Ол Еуропа елінде орналасқан ондаған Қазақ мәдени қоғамдарын біріктірді. Ұйым Еуропадағы қазақтар өз бірегейлігін сақтауы үшін көптеген іс-шаралар өткізді. Атап айтқанда, Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы: Бұл - жыл сайын Еуропаның әр түрлі қаласында (Вена, Париж, Берлин т.б.) өтетін үлкен жиын. Онда ұлттық ойындар ойналып, домбыра тартылады, ана тілі мәселесі талқыланады. Сонымен қатар, Еуропадағы қазақ жастары түп-тамырынан ажырамас үшін, салт-дәстүрді жалғастыру үшін жастар конференциялары ұйымдастырылып тұрды. Спорт турнирлері ұйымдастырылып тұрды. Домбыра мектептері мен би топтары: біраз қалаларда қазақ балаларына арналған жексенбілік мектептер жұмыс істейді. Өкінішке орай, ол Федерация (FEKA) басшылығы ауысып, басқа өңірде орталық жұмысын жалғастыру үшін, жергілікті мекенжайға қайта тіркеу процесі жүргізілмегендіктен, заңды түрде жұмыс істеуін тоқтатып отыр.

   Бүгінде Еуропаның үздік университеттерінде сабақ беретін қазақ профессорлары мен ірі корпорацияларда (Google, Amazon, CERN, BMW, Siemens, Google) істейтін инженерлер, IT мамандары диаспораның жаңа имиджін қалыптастырып жатыр. Үшінші және төртінші ұрпақ өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейі төмендеп барады. Көбінесе неміс, француз немесе ағылшын тілдерінде сөйлейді. Жергілікті мәдениетке сіңіп кету процесі жүріп жатқанымен, соңғы кездері интернет пен әлеуметтік желілердің арқасында Қазақстанмен байланыс қайта күшейді. Еуропадағы қазақтар өздері тұратын елдерде Димаш Құдайбергеннің концерттерін ұйымдастыруға және ұлттық брендтерді (шоколад, қолөнер) насихаттауға зор үлес қосып келеді.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться