Әлем

Автор: ADMIN

Әлем 2026-03-08 01:52:00

Біз әлеуметтік желілерде:

БІЛІМНІҢ АСҚАҚ САРАЙЫ

news single

    Мюнхендегі Бавария мемлекеттік кітапханасы (Bayerische Staatsbibliothek) - бұл жай ғана кітап қоймасы емес, әлемдегі ең маңызды мәдени қазыналардың бірі. Мұны білімнің асқақ сарайы десе де болғандай. Кітапхана ғимараты 1832-1843 жылдары италиян қайта өрлеу дәуірінің стилінде салынған.

 

  Кіреберістегі зәулім баспалдақтар - Мюнхендегі ең фотогенді орындардың бірі. Олар адамға білімнің шыңына көтеріліп бара жатқандай әсер береді. Ғимараттың алдында төрт философ - Аристотель, Гиппократ, Гомер және Фукидидтің мүсіндері отыр. Олар білімнің төрт негізін (философия, медицина, поэзия, тарих) бейнелейді. 

 

   Кітапхана қоры - 10 миллионнан астам кітап:

Бұл - Еуропадағы ең ірі зерттеу кітапханаларының бірі. Мұнда 90 мыңнан астам көне қолжазба сақтаулы. Олардың ішінде атақты «Нибелунгтар жыры» (Nibelungenlied) - неміс халқының басты эпосының түпнұсқасы сақталған көрінеді. «Кітап басу өнерінің алғашқы кезеңінен (1500 жылға дейін) қалған кітаптар саны бойынша бұл кітапхана әлемде бірінші орындардың бірін иеленеді.

 

  Кітапхана қорында әйгілі Гутенберг Библиясы сақталған. Бұл - әлемдегі алғашқы басылған кітаптардың бірі және оның құны өлшеусіз» - деп Қаюм аға әңгімесін жалғады. Кітапхана баспалдақтарына тұрып естелік фотоға түстік. Қаюм аға өзінің ұзақ уақытын осында өткізетінін,сүйікті орындарының бірі екенін еске алды.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться