Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-11-14 19:53:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Еңбек министрлігі азаматтарды жұмысқа орналастырудың жаңа тәсілін енгізуде,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.

news single

Қазақстанда жұмыс іздеушілерге қолдау көрсетудің жаңа жүйесі енгізіліп жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Цифрлық жұмыспен қамту қызметі» жобасы аясында азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудің жаңа тәсілін іске асыруда. Жаңа жүйенің басты ерекшелігі – жұмыс іздеп жүрген азаматтарды өздері мансап орталықтарына жүгінгенге дейін анықтап, оларға алдын ала көмек ұсыну. Бұл туралы министрліктің 13 қарашадағы ресми хабарламасында айтылды.

Жоба аясында азаматтар Enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыс іздей алады. Олардың келісімімен білімі, еңбек өтілі мен кәсіби дағдылары көрсетілген цифрлық түйіндеме автоматты түрде қалыптастырылады. Сонымен қатар жасанды интеллект азаматтың біліктілігіне сәйкес бос жұмыс орындарын іріктеп, жеке ұсыныстар әзірлейді. Арнайы ЖИ-көмекші ұялы телефон арқылы жұмыс іздеушілермен байланысып, еңбек жағдайлары, бос орындар және оқыту мүмкіндіктері туралы ақпарат береді. Жаңа жүйеде мансап орталықтарының мамандарына да маңызды міндет жүктелген. Олар азаматтарға түйіндеме дайындауға, жұмыс орындарына өтінім беруге және жұмыс берушілермен байланыс орнатуға көмектеседі. Егер адам жұмысқа орналаса алмаса, оның себептері анықталып, әрі қарайғы әрекеттер жоспарланады.

Жоба 2026 жылдың шілдесінен бастап Павлодар және Маңғыстау облыстарында жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт аралығында 59,2 мың азаматқа жұмыспен қамту шаралары ұйымдастырылып, 7,5 мың адам жұмысқа орналасқан. Министрлік 2026 жылдың соңына дейін жаңа қызметті Қазақстанның барлық өңіріне кезең-кезеңімен енгізуді жоспарлап отыр.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Последние новости

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться