Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-11-14 20:04:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылман тізіміне енді,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.

news single

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылғы әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның қатарына енді. 

Мемлекет басшысының есімі The Muslim 500 халықаралық басылымының «Саясат» санатында көрсетілген. Аталған тізімді Иорданияда орналасқан Корольдік ислам стратегиялық зерттеулер орталығы (RISSC) жыл сайын жариялайды. Басылымға әлемдік саясат, дін, ғылым, бизнес, мәдениет және басқа да салаларда мұсылман қауымына ықпал етіп жүрген тұлғалар енгізіледі.

The Muslim 500 авторлары Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси қызметіне, әсіресе 2022 жылғы Қаңтар оқиғаларынан кейін басталған реформаларына назар аударған. Оның «Жаңа Қазақстан» бастамасы, Конституциялық өзгерістер және мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту бағытындағы жұмыстары атап өтілген. Сондай-ақ басылымда 2022 жылғы қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауында Тоқаевтың 81,31 пайыз дауыс жинағаны және жаңа Конституцияға сәйкес жеті жылдық бір реттік президенттік мерзімге сайланғаны жазылған. Айта кетейік, Қазақстан атынан халықаралық тізімге әнші Димаш Құдайберген де енді. Ол «Өнер және мәдениет» санатында көрсетілген. The Muslim 500 басылымында алғашқы 50 тұлға нақты орындар бойынша рейтингке енгізіледі. Ал қалған қатысушылар 13 түрлі санатқа бөлініп, жеке реттік орынсыз жарияланады.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Последние новости

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться