Цифрлық дәуір

Автор: ADMIN

Цифрлық дәуір

Следуй за нами

36

Астанада ЖИ және робототехника бойынша алғашқы халықаралық конференция өтіп жатыр

news single
Астанада медицинадағы жасанды интеллект пен робототехника саласындағы маңызды бастамалардың бірі – ЖИ және робототехника бойынша алғашқы халықаралық конференция (AIR 2025) өтіп жатыр, деп хабарлайды Shalqar.kz.

Конференцияда медицинада жасанды интеллект пен роботтарды қолдану, хирургиялық технологиялар және оңалту жүйелері талқылануда. Іс-шараға әлемнің 18 елінен келген 95 ғылыми мекеменің жетекші ғалымдары қатысуда.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, Қазақстандағы медициналық технологиялар нарығы 747,5 млн АҚШ долларына бағаланады және бұл салада ЖИ мен робототехниканың әлеуеті зор.

– AIR 2025 аясындағы талқылаулар министрліктің басым бағыттарына сай келеді. Біз цифрлық инфрақұрылым мен ЖИ стратегиясын дамытып, ғылыми экожүйелерді қолдауға басымдық беріп отырмыз. Назарбаев Университеті жанындағы Медициналық робототехника орталығы (CEMRR) және оның халықаралық серіктестері қолданбалы инновацияның жарқын үлгісін көрсетіп отыр, – деді министр.

CEMRR орталығында жұмыс істейтін ғалымдар мен студенттер мүгедектерге арналған роботтық оңалту әдістерін, хирургиялық процестерді автоматтандыру және ЖИ негізіндегі диагностикалық жүйелерді зерттеп, әзірлеуде. Соңғы екі жылда орталық 6 беделді халықаралық грант иеленіп, Колумбия, Лидс, Квинсленд технологиялық және Шанхай университеттерімен серіктестік орнатқан.

CEMRR ғылыми жетекшісі, NU қауымдастырылған профессоры Прашант Джамвал орталықтың ортопедия мен онкология саласында ЖИ мен компьютерлік көру технологияларын енгізіп жатқанын атап өтті.

– Біз сүйек сынықтарын қалпына келтіруге арналған робот пен пациенттердің жүру қабілетін қалпына келтіретін жүйелер жасап, коммерцияландыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, – деді ол.

Конференция барысында 100-ден астам ғылыми баяндама ұсынылады. Германиялық профессор Бхаскар Чубей MedTech құрылғылары туралы, ал британдық онколог, профессор Бхарат Джасани ЖИ-дің диагностикадағы рөлі жайлы баяндама жасайды. Сондай-ақ профессор Роланд Гекке (Австралия) эмоциялар мен бет әлпетті тану технологиясын таныстырса, профессор Шан Се (Ұлыбритания) телемедицина мен киілетін құрылғылар бойынша соңғы жетістіктермен бөліседі.

Nazarbayev University ұйымдастырған бұл конференция – ғалымдар мен сала мамандарына озық идеялармен алмасуға мүмкіндік беретін бірегей алаң. Конференция материалдары Springer басылымында жарияланып, SCOPUS, DBLP, INSPEC сияқты дерекқорларда индекстеледі.
 
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
user icon
steelersfancat <>отите|Желаете|Мечтаете] получить <>есплатный|даровой|халявный] NFT? ?? Участвуйте в <>озыгрыше|акции|лотерее] от Mega "M3GA-AT"! ?? Подробнее https://mega-link.work/novosti_hydra_zerkalo/poplnet_balance_hydra2019/novosti_hydra_zerkalo/ #megaweb3 #megaweb15-at #megaweb8 #megaweb14-at #M3GA-AT #M3GA-GL

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться