Мир

Автор: ADMIN

Мир 2026-11-01 13:09:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Қытай қауіпті ауа-райын алдын ала болжайтын жасанды интеллект модельдерін әзірледі,-деп хабарлайды "Shalqar.kz".

news single

Қытай ғалымдары қауіпті метеорологиялық құбылыстарды алдын ала анықтауға мүмкіндік беретін жасанды интеллектке негізделген екі жаңа модельді таныстырды. Жаңа технология тайфундар мен қатты найзағай, нөсер жауын сияқты табиғи құбылыстардың даму барысын болжауға бағытталған. Жаңа жүйелер 2026 жылғы 29 қазанда Хунань провинциясының Чанша қаласында өткен "Фэнъюнь" метеорологиялық спутниктерін пайдаланушылар конференциясында таныстырылды. Модельдер Қытайдың "Фэнъюнь" метеорологиялық спутниктерінен алынған деректерді пайдаланады. Олардың бірі тайфундардың бұлттық құрылымын талдап, дауылдың орналасқан жері, қарқындылығы, жел күші мен жауын-шашын ықтималдығы туралы ақпарат береді. Аталған жүйе спутниктік кескіндерді әр 15 минут сайын өңдеп, 27 секунд ішінде талдау нәтижесін дайындай алады. Ал екінші модель найзағай, бұршақ және нөсер жауын секілді қауіпті құбылыстарды анықтауға арналған. Ол спутниктен алынған үздіксіз екі сағаттық бақылау деректерін талдау арқылы ауа райының алдағы өзгерістерін болжайды. Мамандардың мәліметінше, жүйе қауіпті конвективті құбылыстардың пайда болуы мен даму қарқынын төрт сағат бұрын анықтай алады. Жобаны әзірлеушілердің айтуынша, жасанды интеллект спутниктік ақпараттарды жылдам өңдеп, метеорологтардың шешім қабылдауына көмектеседі. Бұл әсіресе табиғи апаттардың алдын алу, халықты дер кезінде ескерту және төтенше жағдайларға дайындық жұмыстарында маңызды. Қытай мамандары алдағы уақытта жүйенің мүмкіндіктерін кеңейтіп, нөсер жауын, шаңды дауыл, қою тұман және суық ауа толқындары сияқты басқа да қауіпті метеорологиялық құбылыстарды болжауды жоспарлап отыр.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться